ақын
ҰЗАҚ БОЛСЫН ҒҰМЫРЫҢ
Қазақтың көрнекті жазушысы
Әлібек Асқаровқа арнаймын.
Тұрған кезде департаментті басқарып,
Шуағы мол, көңілі кең Асқаров.
Талайларға азаматтық жасады,
Жақсылықтар содан кетті басталып.
* * *
Сен туыпсың жаңа жылдың басында,
Толған мақсат, терең ойлар басыңда.
Туған күнің құтты болсын, ағажан,
Жылда осылай жас қосылсын жасыңа.
Алға озып буырқанған ғасырда,
Биіктерге шыға берші, жасыма.
Кең даладай аңқылдаған мінезің,
Ұқсатамын жаны жайсаң асылға.
Тұлғаң биік асқаралы Алтайдай,
Менмендік жоқ, жүресің сен шалқаймай.
Сыйластықтан айырмасын құдайым,
Ер көңілің шалқи берсін, ортаймай.
Талантың бар туған халқың бағалар,
Үлкен тұтып іні-бауыр жағалар.
Қамқоршы боп бізге қолын созатын,
Аман болсын дәл өзіңдей ағалар.
Мұқалмасын, жүйтки берсін қаламың,
Ұланысың жазиралы даланың.
Елің үшін тыным таппай жүресің,
Жігеріңе таңданып та қаламын.
Қаңтар айы, қаһарлы қыс, қар қалың,
Төскейінде тұрып жатсың Арқаның.
Туған күнде жайраң қағып отыршы,
Көркі болып туған-туыс, ортаның.
Жас кезімнен бауырымдай жүргенсің,
Арманымды, талабымды білгенсің.
Тілейтінім – ұзақ болсын ғұмырың,
Әрқашан да өзің бізбен біргесің.
24 қаңтар 2009 жыл.
Астана қаласы.