Байланыс телефондары:
(727) 397–61–15
(707) 532-77-20
» » Құнды деректер ақиқаты

Құнды деректер ақиқаты

14 февраль 2017, Вторник
2 087
1
Орталық коммуникациялар қызметінде 29-шілде күні «Елдің тарихы мен мəдениеті – болашағы тұтас ұлт» тақырыбында өткен брифинг барысында ҚР Ұлттық кітапханасының директоры Әлібек Асқаров Қазақстанда Елбасының бастамасымен жүзеге асқан «Мәдени мұра» бағдарламасы аясында 160 том кітап жалпы таралымы 350 мың таралыммен шығарылғанын мәлім етті.  
«Мемлекет басшысы айқын­даған бес институционалдық ре­форманың негізгі бір ба­ғы­ты – болашағы тұтас ұлт қа­лыптастыру. Ал елдің өткен­ді бағалап, ұлт тарихы мен мә­де­ниетін терең зерделемей тұрып елдің болашағы тура­лы әңгіме айту да мүмкін емес», – деді Әлібек Асқаров. Оның айтуынша, тарихты зерт­теу, ең алдымен, көне қолжазбалар мен кітаптарға жүгініп, кітап­ханалардағы қолжаз­балар­мен ты­нымсыз әрі мұқият жұмысты талап етеді.
«Осы бағытта Алматыдағы Ұлттық кітапхана Қазақ ханды­ғының 550 жылдығын мерекелеу мен «Мәңгілік ел» патриоттық жобасы аясында түрлі шаралар өткізіп келеді. Айталық, биыл­ғы жылдың басынан бері біз кітапханада үлкен көрме ұйым­дастырып жатырмыз, онда келушілер үш мыңнан астам қол­жазбалармен, сирек кезде­сетін тарихи құжаттармен, кі­­тап­тармен таныса алады», – де­ді Ә. Асқаров.
Әлібек Асқаров ары қарай  ғалымдар зерттеуіне сүйене отырып, ежелгі ғұндар бүгінгі қазақтың Керей, Уақ, Сіргелі секілді руларымен туыс болып шық­қандығын  алға тартты. Оның  айтуына қарағанда, зерт­теуші ғалымдар қазақ халқының ДНҚ-сын (ДНҚ –Дезоксирибо нуклеин қышқылы, генетикалық ақпаратты тасымалдаушы молекулалар, тірі ағзадағы гене­тикалық ақпараттың ұр­пақ­тан-ұрпаққа берілуін, сақ­талуын, дамуы мен қызметін қамтамасыз етуіне жауапты нуклеин қышқылының бірі – ред.) ежелгі жауынгер халық хунну (ғұн) мен арийлердің ДНҚ-сымен салыстырған екен.
«Нәтижесінде осы үш ха­лық­тың өзара жақын туыстық байланысы барын анық­таған. Нақтылап айтсақ, осыдан 4000 жыл бұрын өмір сүрген андро­новтардың гені қа­зақ­тардың қазіргі Табын руында кездескен. Дүние­жү­зінде ең алғашқы бо­лып жабайы жылқыны қолға үйретіп, дөңгелекті арбаны ойлап тапқан да осы арийлер болған. Ал «хунну», кейіннен ғұн атанған халық біздің қазіргі Керей, Уақ, Сіргелі руларымен туыс болып шықты», – дейді Əлібек Асқаров.
Бұл ғана емес, оның айтуын­ша, ежелде алып империя құр­ған қидандар қазіргі қазақ­тың наймандарының ата-тегі екені де айтылып жүр. Ал ға­лымдар мұндай қорытындыға Қытайдың солтүстігінен табыл­ған Еген Гол, Дүрлі Нас, Бар Кол қорымдарында жерленген жауынгерлердің ДНҚ-сын зерт­теу нәтижелері арқылы ұйы­ған тәрізді.
Сондай-ақ брифинг бары­сында  Әлібек Асқаров қа­зақ тарихы үшін ең құнды дү­ние – Мұхаммед Хайдар Ду­ла­­тидың еңбегі екендігін айт­ты. Өйткені, осыдан 550 жыл бұрын Қазақ хандығының құ­рыл­ғандығы туралы дерек әзірше тек «Тарихи рашиди» қолжазбасында ғана кездеседі. Кітапхана директорының ай­туынша, ҚР Мəдениет жəне спорт министрлігі Мұхаммед Хай­дар Дулатидің «Тарихи ра­шиди» атты қолжазбасын пар­сы тілінен қазақшаға ауда­рып, кітап етіп жарыққа шы­ғар­ған.
«Бұл кітап қазақтың мəдени өміріндегі айтулы жаңалықтың бірі. Бұған дейін Дулати қол­жазбасы орыс тілінен қазақ­шаға аударылған болатын. Алайда аудармада көптеген тү­сін­бестіктер, көне атаулар мен аттардың қате жазылуы, кейде əдейі бұратартушылық то­лып жүргендігі белгілі болды. Осы ретте қазақ ғалымдары тарапынан үлкен талқылау орын алды. Қазір «Қазақ хан­дығына – 550 жыл» деп жатыр­мыз. Бірақ біз осы деректі қай­дан алдық? Ол деректі Мұхам­мед Хайдардың осы қолжазбасынан алдық. Басқа ешқандай жазбаларда  Қазақ хан­дығының құрылғандығы жа­йында дерек кездестірілген жоқ. Бұл кітаптың қазақ үшін маңызы да осында жатыр», – деді Əлібек Асқаров.
Дастан ҚАДЫР
«Президент және Халық»

Талқылау
Пікір қалдыру
Пікірлер (1)
Түсініктеме
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
nerkolwerpioda
nerkolwerpioda Гости 5 февраля 2023 11:08
Детально тогда mortal kombat на xbox 360
Қазақстан Республикасы Ұлттық Кітап Палатасы-"Ақпараттық технологиялық орталығы" Қоғамдық қоры