Байланыс телефондары:
(727) 397–61–15
(707) 532-77-20
» » Рафаэль Ниязбеков

Рафаэль Ниязбеков

24 сентябрь 2018, Понедельник
1 958
1

Рафаэль Ниязбеков,

ақын, Чешен Республикасының 

халық батыры











Өр Алтай, қайтем сенің биігіңді


                                    Әлібек Асқаровқа


Өр Алтай, қайтем сенің биігіңді,

Өртенген баса алмасаң күйігімді.

Кеудемнен итермегін саған артсам,

Тірлікте шеше алмаған түйінімді.

Өр Алтай, бір жаманға неге бердің,

Басыңа ту қадаған биігіңді?


Бас ұрып тірі жанға сиынбаған

Уақыт у ішкізіп құйындаған.

Мен неге сыбағамнан құр қаламын,

Бейбақтай өз үлесі бұйырмаған.

Білмеймін заманнан ба, адамнан ба,

Халықтың қазынасын жиі ұрлаған.


Өлем деп қорықпаймын – күн кешемін,

Мен әлі болашақпен тілдесемін.

Кермеде арғымағым тұрса арқырап,

Өзгенің неге артына мінгесемін?

Өр Алтай, ақын жүрек ашынғанда,

Жүрегің туламай ма бірге сенің?!


Қасиет бар болғасын асыл қанда,

Өр Алтай, жыр жазамын ашынғанда.

Қабағы Үкіметтің тұр ашылмай,

Құдайдың қабағы елге ашылғанда.

Өр Алтай, бір-ақ жинап алмақпысың

Саудырап сүйектерім шашылғанда?


Қадалмай шаншу болып бүйіріме,

Өр Алтай, құлақ түрсең жиі үніме.

Айғырды арқыратып қолда ұстамай,

Қосар ең арғымақтың үйіріне.

Таулардың биіктігі кімге дәрі,

Ақынын көтермесе биігіне.


Талқылау

Сондай-ақ оқыңыз:

«САФАРИ ЖАЗБАЛАРЫ»
05 август 2018, Воскресенье
«САФАРИ ЖАЗБАЛАРЫ»
АЛДАНҒАН  ҰРПАҚ  (Социализм хикаяты)
05 август 2018, Воскресенье
АЛДАНҒАН ҰРПАҚ (Социализм хикаяты)
«ӘЙЕЛ ПАРАСАТЫ»
05 август 2018, Воскресенье
«ӘЙЕЛ ПАРАСАТЫ»
ӨР АЛТАЙ
05 август 2018, Воскресенье
ӨР АЛТАЙ
CУРЕТШІНІҢ АЙТҚАН ӘҢГІМЕСІ
22 июнь 2018, Пятница
CУРЕТШІНІҢ АЙТҚАН ӘҢГІМЕСІ
Пікір қалдыру
Пікірлер (1)
Түсініктеме
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
nerkolwerpioda
nerkolwerpioda Гости 5 февраля 2023 12:20
Детальнее после этого скачать игры xbox 360
Қазақстан Республикасы Ұлттық Кітап Палатасы-"Ақпараттық технологиялық орталығы" Қоғамдық қоры