Әлібек Қаңтарбай
Әлібек Қаңтарбай,
жазушы
ЖАН ІНІМ!
Әлібек Асқаровқа сыр
Өзіңнен кісілікке байып қалдым,
Шығамын деп төріне кәйіп таудың.
Ағаңа тоң-торыс боп жүрсің бе әлі,
Әлеке, бәрінен де айыққанмын.
Құмар емен жұтуға кәпір асын,
Өмірдің сұрқын көріп ашынасың.
Тақ дарытпай, тағы да бақ жарытпай,
Қойғаннан соң зәр ішіп «тасынасың»!
Жаман әке - жыртық қос, білесің бе,
Ығы жоқ, тұрған анау күресінде.
Қамқорлығым жетпей жүр жалғыз ұлға,
Сен бұған жылайсың ба, күлесің бе?!
Бәрі себеп ашынып, тарылуға,
Амалсыздан дендейсің сары мұңға.
Әлеке, біле-білсең менің миым,
Шақ қалды бомба болып жарылуға.
Шыққам жоқ топ алдына күрең міне,
Аяқталып қалғандай «сүрем» міне.
Сан жылдан соң «еркелеп» қойдым саған,
Жан інім, түсін мені, ренжіме!
2010 жылғы қыркүйек.
Талқылау
Сондай-ақ оқыңыз:
Пікірлер (1)