Ләззат Қажаева
Ләззат Қажаева,
мектеп ұстазы
Әлібекке
Жаның да жарқын, көңілің таза алтындай,
Әрдайым бізді аласың қарсы жарқылдай,
Мәрттіктің рухын көремін ылғи жүзіңнен,
Пейілің кең тұратын әр кез сарқылмай.
Сыйлысың өзің қоршаған сені ортада,
Күлкің де жайлы жыртылған әсем торқадай.
Шабытыңның бастауы болған Мұзтауың,
Сағынып сені өзіне мәңгі тартады.
Таныттың елге Катондай сұлу жеріңді,
Орының әр кез биіктен ғана көрінді.
Алтайды, Көккөл, Мұзтауды жырлап үздіксіз,
Төктің сен тынбай шабытпен маңдай теріңді.
Көрінер айқын тұлғаңнан ерен кісілік,
Бойыңнан әр кез байқалар ұяң кішілік.
Досына адал, жанын да қияр ол үшін,
Көңілін достың көзінен ұғар түсініп.
Суы да, талы, тасы мен әр тал шөбі де,
Ән салып мәңгі, жыр болып туар көңілде.
Өлкенің таулы ұланы мәңгі тауды аңсап,
Ғашық боп соған өтетін шығар өмірде.