Байланыс телефондары:
(727) 397–61–15
(707) 532-77-20
» » Марфуға Бектемірова

Марфуға Бектемірова

24 сентябрь 2018, Понедельник
2 167
0

Марфуға Бектемірова,

Ақын, Халықаралық «Алаш» 

әдеби сыйлығының лауреаты


Алтайдың мұзбалағы


Университеттегі курстасым, 

қазақтың талантты жазушысы 

Әлібек Асқаровқа


Біздің курста  бір жігіт болды,  

Барша қыздар тамсанатын. 

Қыздарды ол керек етпей, 

Оқу десе, жан салатын.


Адалдығы  ақ еді - аппақ сүттен, 

Таңғы шықтай тап-таза, тым сүйікті ең. 

Кейде үлгеріп сабаққа, кейде үлгермей, 

Адамға тән жүрдік біз тіршілікпен.


Бойына сіңірген ол бар өнерді, 

Білімді еді, биязы, көреген-ді. 

Старостамыз болатын, сол кезде-ақ, 

Біз білмейтін, білетін көп өнерді.


Жалқаулық мінсе кейде желкемізге, 

Емтиханнан өтеміз бе, өтпейміз бе? 

Қиын кезде біздерді құтқаратын, 

Серкеміз де, сол еді, еркеміз де.


Қыл көпірде болды ол — арқанымыз, 

Ол барда, кеңге салдық, арқаны біз. 

Батырымыз сол болды, ақылымыз, 

Жауған «оқтан» қорғайтын қалқанымыз.


Теңіз еді ол, жаратқан терең етіп, 

Қара бұлтты тұратын кейін серпіп. 

Қай қиырда жүрсек те, қай жерлерде, 

Атын естіп, әрдайым елең еттік.


Мұхиттарға бір күні шықты кемең... 

Талантымен еткізді ол жұртты елең. 

Мақтанатын болдым мен достарыма, 

Оқыдым деп осындай мықтыменен.


Қырандар өз құзына оралғандай, 

Тау тастар енді ұйқыдан оянғандай. 

Жүрегімен Алтайды жырлап өткен, 

Өр Алтайдың ұлысың  Оралхандай.


Көргенде, сурет дерсің тау сымбатын, 

Шөлің де, сол жерлерде таусылатын. 

Таулардың тұмандарын сілкіп тастап, 

Шығыстан нұрын шашып таң шығатын.


Тау ұғар, мұңы менен қуанышын, 

Аралап жүрген сонау мұнар ішін. 

Сен де бір ақ қанатты, кең апайтөс, 

Өр Алтайдың ақиық қыранысың.


Берсе Алтай, өзіңдей ұлын берсін, 

Сүйсең қазақ, Шығыстың ұлы дерсің. 

Оралхан мен Қалихан... солардан кейінгісі, 

Шоқ жұлдыздың көктегі бірі сенсің.


Қара бұлт келгенімен ауып сырттан, 

Күндейсің, өз орныңды тауып шыққан. 

Қасқайып қарағайдай тұра берші, 

Өр Алтайдың жартасын жарып шыққан.


Талантыңды тек надан қызғанады, 

Қыран өлсе, қасқайып құз қалады. 

Өрлей берші, биікке, Әлібек дос, 

Аман болшы, Алтайдың Мұзбалағы.


Талқылау

Сондай-ақ оқыңыз:

«САФАРИ ЖАЗБАЛАРЫ»
05 август 2018, Воскресенье
«САФАРИ ЖАЗБАЛАРЫ»
ӘР ЖЫЛДАРЫ ЖАЗЫЛҒАН ӘҢГІМЕЛЕР
05 август 2018, Воскресенье
ӘР ЖЫЛДАРЫ ЖАЗЫЛҒАН ӘҢГІМЕЛЕР
АЛДАНҒАН  ҰРПАҚ  (Социализм хикаяты)
05 август 2018, Воскресенье
АЛДАНҒАН ҰРПАҚ (Социализм хикаяты)
«ӘЙЕЛ ПАРАСАТЫ»
05 август 2018, Воскресенье
«ӘЙЕЛ ПАРАСАТЫ»
ӨР АЛТАЙ
05 август 2018, Воскресенье
ӨР АЛТАЙ
Пікір қалдыру
Пікірлер (0)
Түсініктеме
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Қазақстан Республикасы Ұлттық Кітап Палатасы-"Ақпараттық технологиялық орталығы" Қоғамдық қоры