Байланыс телефондары:
(727) 397–61–15
(707) 532-77-20
» » «Ұлт мақтанышы» төсбелгісін табыстау рәсімі өтті.

«Ұлт мақтанышы» төсбелгісін табыстау рәсімі өтті.

06 ноябрь 2015, Пятница
1 811
1
Ұлттық кітапхананың Көр­мелер залында  Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Мемлекеттік сыйлықтың, «Па­расат» орденінің иегері, көр­некті прозашы Әлібек Асқаров­қа  «Социализм әңгімелері» мен «Әйел парасаты» топтамалары үшін Біріккен Ұлттар Ұйымы аясында құрылған Халықаралық Жазушылар одағының атынан  «Ұлт мақтанышы» төсбелгісін табыстау рәсімі өтті. 
Төсбелгіні «Бейбітшілік әлемі» халықаралық қазақ шығармашылық бірлестігінің Қарағанды облысы бойынша өкілетті директоры Мұха­медқали Баймұханов тапсырды. Салтанатты жиында сөз сөйлеген ақын-жазушылар мен қоғам қайрат­керлері Ә.Қайырбеков, Т.Мамашев, Ж.Шаштайұлы, Р.Нұғманбекова, З.Жұмановалар ұлттық әдебиетіміздің бүгінгі көрнекті өкілі, қоғам қайрат­кері, жазушы Әлібек Асқаровтың соны тәсіл, тың өрнектермен өрілген шығармалары эстетикалық тұрғыдан әсерлі, көркемдік деңгейі биік дүниелер екеніне тоқталды. Жазушы шығар­малары образ сомдаудағы өзіндік тәсілімен, бояуының қанықтығымен, табиғатты суреттеудегі нәзік нақыш­тарымен дараланады. Еліміздің таби­ғаты өзгеше  Қатонқарағай өңірі­нің тумалары Қалихан Ысқақ пен Оралхан Бөкей сынды көркемсөз зергерлерінің ізбасары бола білген Ә.Асқаров ағалары салған жолды лайықты жалғастыра білді. Жазушы қаламынан бүгінде отыздан астам кітап жарық көрді. Ә.Асқаровтың әрбір  шығармасы тылсым табиғатқа, туған жерге,  ауыл адамдарына деген сүйіспеншілікке, жүрек жылуына толы. Жазушы шеберлігінің бір сыры — кез-келген уақыт өзгерістерін, заман талқысын оқырманның көз алдына келетіндей етіп, қазақтың қара сөзімен сомдай білуі. Ә.Асқаровтың бастама­сымен Қазақстан тарихына байла­нысты құнды кітаптар сериясы, қазақ әдебиетінің алтын қорына жататын шығармалар топтамасы, қазақ фольклорының көп томдығы жарық көрді. Жазушы қазақ әдебиетінің алыптары – Абай, Жамбыл, Әуезов шығармаларын шет елде бастыруға белсене атсалысты. Минск қаласында Мерзімді басылымдар, кітап басу ісі, және полиграфия саласындағы ынтымақтастық жөніндегі халық­аралық кеңестің төрағасы ретінде ТМД елдері арасындағы мәдени-рухани саладағы үзіліп қалған озық дәстүр­лерді қайта жалғастыруға көп күш жұмсады.

Талқылау
Пікір қалдыру
Пікірлер (1)
Түсініктеме
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
nerkolwerpioda
nerkolwerpioda Гости 5 февраля 2023 12:02
Частый тут x360 club
Қазақстан Республикасы Ұлттық Кітап Палатасы-"Ақпараттық технологиялық орталығы" Қоғамдық қоры