Байланыс телефондары:
(727) 397–61–15
(707) 532-77-20
» » Жазушы Әлібек Асқаров шығармашылығы туралы қаламдастары мен зиялы қауымның лебіздері

Жазушы Әлібек Асқаров шығармашылығы туралы қаламдастары мен зиялы қауымның лебіздері

24 сентябрь 2018, Понедельник
3 092
0

Жазушы Әлібек Асқаров шығармашылығы туралы қаламдастары мен зиялы қауымның лебіздері



Лев Толстойдың  «Қажымұратындағы» соқа жырып кеткен түйежапырақтың тамырындай ауылдың да жаны сірі, тамыры тереңде. Осы көріністі көркем әдебиеттен көрем деген кісі – Әлібек Асқаровтың «Өр Алтай, мен қайтейін биігіңді» атты хикаясын оқысын.  

Шерхан Мұртаза,

Халық жазушысы.


Размышляя о достижениях современной казахской литературы, хотелось бы отметить лиризм и проницательность произведений Алибека Аскарова. Читая его рассказы и повести, невольно задумаещся о смысле жизни человека.

Абдималик Нысанбаев,

академик.


Тілдің нәрімен, жүректің қанымен өрнектелген көркем туындының құндылығы өзгенің санасын селт еткізер қуатында, шындықты шеберлікпен өрнектеуінде. Осы тұрғыдан келгенде қызыға оқып, жан дүниеңді шымырлатар шығарма – «Өр Алтай, мен қайтейін биігіңді» романы. Бұл шығарма – жазушының ұлттық әдебиетіміздің қазынасына қосқан құнарлы үлесі.

Жанат Әскербекқызы,

профессор.


Бұл бір ғажайып лирикалық хикая. Жұп-жұмсақ, мөп-мөлдір, тұнып тұрған лиризм. Адам сезімін, ойын қозғап, құйылып тұрған сыр.

Серік Қирабаев,

академик.


Талант иелері, туасы дарындар – мейлі ол әртіс, мейлі ақын, мейлі суретші болсын, творчестволық түрде ойлауы тиіс. Ендеше Әлібек інімнің оғылан кезінде суретші болғанына, кейін нағыз суреткер-қаламгер  боп кемелденгеніне таңдай қағып тамсанудың реті жоқ.

Мұзафар Әлімбаев,

Халық жазушысы.


Бүгінгі қазақ әдебиетінің даму процесіндегі айрықша көңіл бөліп атайтын шоқтықты шығарманың бірі – жазушы Әлібек Асқаровтың «Өр Алтай, мен қайтейін биігіңді» хикаяты.

Шерияздан Елеукенов,

профессор.


Мен Әлібек Асқаровты бүгінгі қазақ прозашыларының ішіндегі елеулі тұлға  деп есептеймін. Әдебиетке дабырасыз, жарнамасыз сыпайы ғана еніп, көркемдік дәрежесі биік туындыларымен өзін  мойындата білу – шын таланттың еншісі. 

Төлен Әбдікұлы,

жазушы.


Ол өз кейіпкерлерлерінің  тыныс-тіршілігін жүрегінің лүпілімен, қан тамырының бүлкілімен түйсіне жазып жүрген жазушы. Оның туындылары бояуы қанық, әсерлі де жатық, жан дүниеңді баурап алар бір тылсым дүние болып келетіні де сондықтан.

Бүркітбай Аяған,

профессор.


Әлібек туған Алтайын мөлдіретіп жырлаудайын-ақ жырлап баққан. Елтіп оқисың. Оқып қана қоймай, көркемдіктің көне өкілі ретінде құмарта қызығасың... Оған себеп – әйгілі Алтайдың айтып жеткізе алмайтын, жырлап тауыса алмайтын сұлулығы, соны жанын салып суреттеген Әлібек інімнің туған жерге деген шексіз махаббаты.

Қадыр Мырза-Әлі,

Халық жазушысы.


Все, о чем живо и достоверно повествует Алибек Аскаров, старшему и среднему поколениям хорошо знакомо. Нам памятны все коллизии, в которые попадают герои этих произведении, их поведение, размышления, их скромные желания к неизбывные страхи...

Герольд Бельгер,

писатель.


«Алтай, алтын бесік, ата жұрт» кітабын оқып шыққанда, бұл жай ғана жазбалар емес, тарихи-танымдық қана емес, көркем тілмен, өзіндік стилмен жазылған туған жер мен туған елге деген гимн, мадақ әрі поэтикалық ескерткіш болып шыққан әдеби туынды екеніне көз жеткіздік.

Сейіт Қасқабасов,

академик.


Алтай туралы аңыз көп. Алтайдың алтыны көшіп жүреді, алтынды қуған адамды ажал да өкшелеп жүреді дейтұғын аңыз да бар. Əлібектің қуалап отырғаны аңыз да емес, алтын да емес, өткеннің өкініші мен бүгіннің ақиқаты... Алтайдың қасиеті мен қадіріне жету қиын. Өйткені оның жұмбағы көп. Біреулер ол жұмбақты ғарыш қана шешеді деседі. Мейлі, бəрін айтпағанда, бізге бабаларымыз тастап кеткен жұмбақ қаншама!.. Тəуелсіз мемлекет болғаны­мызға да көп жыл өткен жоқ. Босаға мен төрімізді тұйықтағанымыз да кеше ғана. Мүмкін, Төр Алтай енді сол жұмбағын еліне өзі ашып беретін шығар...

Қалихан Ысқақ,

жазушы.


Əдебиетте не көп, қиындық көп. Оған келу қиын, орнығып қалу одан  қиын, ойып орын алу одан да қиын. Ал əдебиетте белгілі бір бағыттың басында тұру, сол бағытты арнаға айналдыру, жанр ретінде тұрақтандыру тіпті қиямет-қайым. Əлібек Асқаровтың маңдайына қазақ сөз өнерінде сафари жанрының ізашары болу жауапкершілігі жүктелді, осы бақыт қаламгерлік тағдырына бұйырды. 

Сауытбек Абдрахманов,

профессор.


Әлібек-дос Алтайдың сұлулығын жалықпай-ақ жырлаумен келеді, сол арқылы әдебиетте өз әлемін қалыптастырған, өз биігіне шыққан жазушы. Ол Алтайымен мұңдаса да, сырласа да білетін кемел суреткер.

Құлбек Ергөбек,

әдебиет сыншысы.

Бір өлке, бір ауыл емес, ұланғайыр қазақтың елі мен жерін түгелдей толғандырып отырған заманның дерті жайында керемет — келісті тілмен төгіліп тұрған сыр — асқар Алтайдың көк аспан, мөлдір суындай тазалығымен, кіршіксіз, табиғи сұлулығымен тебірендірді... Турасын айтқанда — Әлібек Асқаровтың «Өр Алтай, мен қайтейін биігіңді» хикаяты  өзінің жанға дауа сұлу сазымен бірге заманның әлеуметтік ұлы жүгін көтерген шығарма ретінде ұрпақтар үшін ұлағатты дүние. 

Еркінбек Тұрысов,

жазушы.


Қазір не көп, жазғыштар көп. Солардың бәрі өздерін жазушымыз деп санайды. Оқысаң тілінде дәм жоқ, сөзінде нәр жоқ. Ондай қарабайыр тілмен көркем дүние түгілі, хат жазуға болмайды. Ренжисің, түңілесің. Көркем дүние әлеміне бас ұрған екенсің, ондай жағдайда Әлібек Асқаров құсап құнарлы тілмен, шұрайлы оймен мөлдіретіп жазу керек. Әйтпесе оқырманды босқа шаршатудың қажеті жоқ деп білем.

   Еркеғали Рахмадиев,

композитор.


Жазушылық дегенің –  туа біткен дерт секілді ғой. Жазам деген адам қайда жүрсе де, қандай лауазымды қызметте жүрсе де, тіпті министр болса да  жазады. Соның мысалын осы Әлібек көрсетті. Мұны Үкімет қайда жұмсамады, қайда салмады... Сөйтіп жүріп жазуын тастаған емес. Өзге біреу болса қызметіне мастанып басы мәңгіріп кетер еді. Шын жазушы осылай болса керек.

Рымғали Нұрғалиев,

академик.


Әлібек мінезге бай жігіт. Әлібек Асқаров сияқты жігіттерді қазына деп есептеуіміз керек... Мемлекеттік қызметкерлердің барлығы Әлібектей таза, Әлібектей жауапкершілікті, Әлібектей өзін-өзі міндеттеуші және бастаған нәрсесін аяғына дейін жеткізетін тиянақты жігіттер болса –  көп нәрседе алға қарай дамып отырар едік деп ойлаймын.

Қуаныш Сұлтанов,

Мемлекет қайраткері.


Мен Алтай туралы естуші едім. Бірақ Өскеменде бірер рет болсам да, шын Алтайды көре алмағам. Қолыма түскен «Мұнар тауды, мұзарт шыңды аңсаймын» кітабынан жазушы Әлібек Асқаровтың туған жерін соншалықты іңкәрлікпен, перзенттік сүйіспеншілікпен, шексіз махаббат шуағын төгілте суреттегенін оқып,  Алтайды көзбен көріп, ішінде жүргендей әсер алдым. Бұл кітап –   жастарға ұлағат дүние, сол үшін де қаламгерге  зор рахмет!

Шалатай Мырзахметов,

қоғам қайраткері.


Прочитал роман «Стон дикой долины». Прочитал буквально за несколько часов. Не мог оторваться от чтения, пока не дочитал до конца. Плакал и смеялся. Получил огромное удовольствие от прочитанного. Тонкое, философское повествование, глубокое понимание жизни и проблем нашего аула. Это –  высокая литература! 

Аскар Борибаев,

искусствовед.


Тәуелсіздіктің алғашқы он бес жылында елді елең еткізген үш шығарманы атасам деймін...Олар – Төлен Әбдіковтың «Парасат майданы», Мұхтар Мағауинның «Құмырсқа қырғыны». Екі қаламгердің де білімділігіне, ізденгіш жаңашылдығына тәнті болдым. Үшінші шығармаға –  Әлібек Асқаровтың «Өр Алтай, мен қайтейін биігіңді» атты сүбелі туындысын қосар едім. Мен осы шығарманы оқығанда, Алтайдың құс қанатын талдыратын ғұлама құздарынан қазақтың рухын жоқтап жүрген қияли қанатты, жігері асау, өзі  асылтекті альпинисті көргендей боламын.

Жәркен Бөдешев,

ақын.


«Социализм әңгімелері» деген атпен жеке кітап болып шыққан бұл жинаққа жазушының небәрі алты ғана әңгімесі еніпті. Әңгімелердің көлемі шағын. Бірақ, олардың көтерген жүгі – атан түйе тарта алмастай аса салмақты. Терең әрі түпкіш. 

Әмірхан Меңдеке,

мәдениеттанушы.


Көк мұз, ақ қар басқан тау биігінде ұмыт қалған Көккөл ауылы – кенді Алтайдың кермек трагедиясы еді. Асқаров «Көккөл» эссесі арқылы ХХ ғасырдағы кеңестік дәуір идеологиясы құрбандарына мәңгілік ескерткіш тұрғызыпты. 

Әлібек Қаңтарбаев,

ақын. 


Прочитала повесть Алибека Аскарова «Однажды осенью, далеко в горах», опуликованный в журнале «Простор». Повесть рассказывает о художнике, вернувшиеся на родину Алтай. Это просто прекрасная вещь, такая тонкая, одухотворенная.., высоко эстетичная. Я искренне поздравляю автора, он истинный мастер пера.

Райхан Ергалиева,  

искусствовед.

Жазушының шығармалары мұнар таулар мен мұзарт шыңдарды ту еткен, халық жанын мұң еткен, жер келбетін жыр еткен әсем туындылар. Әсіресе туған елінің бет-бейнесін, туған жерінің көркемдігін асқан шеберлікпен ашып береді. 

Дәдібас Ердігүл,

мұғалима.


Герои произведений Аскарова люди сильные, которые ищут опору в жизни, в труде, в искусстве, в семье. Реализм писателя проявляется в его отношениии к своим героям, совершающим ошибки, но стремящимся их исправить.

Мереке Уюкбаева,

профессор.


Нет, не на отшибе находится его аул, который именуется «Четвертой бригадой». Потому что сам писатель, поместив его, эту Золотую колыбель, в центр своей творческой Вселенной, соединил наипрочнейшими  узами своего писательского таланта со всем великим человеческим Миром. И отныне это пребудет так!

Любовь Шашкова,

поэтесса.  


Бір сөзбен айтқанда, бәріміз де туған жерімізді жақсы көреміз. Әрбіріміз сол туған жерімізге бір-бір ескерткіш орнатсақ деп армандаймыз...  Алтай тақырыбының әбден иі қанды, жазылатыны жазылды, айтылатыны айтылды. Ендігі жерді  ол жақтан шыққан Қалихан, Оралхан, Дидахмет сияқты сөз шеберлерінен асып, шоқтығы биік тағы бірдеңе тууы қиын-ау деп жүруші едік. Онымыз бекер екен.  Бұл күндері бүткіл болмысымен туған әдебиетіміздің осы заманғы бет-бейнесін айқындап жүрген қабырғалы қаламгер Әлібек досымыз Алтайды жырлаудағы баяғы таптаурын дайын шаблоннан мүлдем бойын аулақ салыпты. Жаңа форма, жаңа ізденіс, жаңа әдіске батыл құлаш сермепті. Әлі ешкімнің тісі бата қоймаған жұмбағын шешуге ұмтылыпты...  

Қуаныш Жиенбай,

жазушы.


Ең бастысы, Асқаровтың төл әдебиетімізде өзінің қайталанбас қолтаңбасы бар. Онымен бірге Мұзтаудың мұзарт шыңдарына өрмелейсің, бүлдірген теріп, қарағайдың шайырын жинайсың. Жан баспаған жайлауға шығып, рахаттың күйін кешесің. Еліктің әупіліне құлақ түріп, маралдың сырнайлатқан даусына елтисің. Соның бәріне көңілің марқайып, рухани тоят аласың. Жан дүниеңнің шырқыраған үнсіз жаңғырығы солармен үнсіз сырласады, мұңдасады... Сөз сиқыры деген осы! 

Рақымжан Отарбаев,

жазушы.


Кітаптың көтерген əлеуметтік жүгі қорғасындай ауыр ма деп қалдым. Оқып шыққан соң еңбегі еш, тұзы сор зая ұрпақтың тұрлаусыз тағдыры пешенесіне жазылған жандарды аяу керек пе əлде құрметтеу керек пе дегендей екіұдай сезімде кітаптың соңғы парағын жаптым. Шынында көкейіңізден өкінішті бір сезім көпке дейін айықпайды екен.  Шығарманың құдіреті деген тегі осы болса керек!

Шәрбану Бейсенова,

жазушы.


Аталған толғау-эсселердің көркем əдебиет пен көркем публицистика арасындағы айрықша жаңа дүние екендігін баса айтуымыз керек. Өйткені, ел тарихы мен жер тарихына саяхат жасай отырып, танымдық мəні мол деректермен əдіптелген, кестелі тіл, кесек бейнелеу­лермен өрнектелген, көркемдік талаптарға толық жауап беретін бұл шығармаларды қазақ əдебиетіндегі тың жанр деп таныған орынды.

Тұрлыбек Мәмесейітов,

жазушы.


Даралап, қадап ескертер жəйт – сезімтал суреткер Əлібек Асқаров уақыттың лебін, дəуірдің демін, тірліктің тынысын дөп басады. Хас шебер қай туындысында болсын тайпалған жорғасынан əсте жаңылмайды. Шоқырақтамайды. Тақырып іздеп алаөкпе боп аптық­пайды, жаңалық қуып желікпейді. Өмірдің өзінен кертіп, ойып алған оқиғаларды сыздықтатып сана сүзгісінен өткізіп, көркемдік биік деңгейде кескіндеп, келістіре кестелейді. Тарихи-танымдық деректерді ұтқыр қиюластырып, тамылжыған пейзажды кейіпкер мүсінін сомдап, оның ішкі психологиясын əр қырынан жарқы­ратып ашып көрсету мақсатындағы жазушы ізденісі сүйсінтеді.

Жанат Елшібек,

жазушы.


Добраться до Белухи – Музтау со стороны Казахстана не так уж просто, судя по записи Алибека Аскарова. Надо ехать верхом дни и ночи по горному склону, тогда как с российской стороны текут сюда туристы со всего мира. Особенно буддисты-шамбалисты. По их убеждению, Белуха – это центр Шамбалы, священной точки мира. Говорят, здесь скрещиваются энергетические потоки мира, бесценные для здоровья человека. Я как человек, знающий этот край не понаслышке, могу лишь подтвердить, что Алтай действительно чудный уголок мира, поражающий любого посетителя своей первозданной доисторической природной красотой. Аллах одарил особым вниманием Алтай. И оно здесь везде и повсюду. Поэтому вам ничего не остается, кроме как восхищаться этим божьим творением. И тем более Алибеку Аскарову – уроженцу этого края, замечательному писателю, владеющему поэтическим пером в прозе. Алибек от всей души воспел свой родной Алтай. И мы тоже, прочитав его новую книгу, еще раз испытали восхищение этим краем, этой воистину Землей обе­тованной.

Смагул Елубаев,

писатель.


Собственно в книгах Алибека Аскарова вся жизнь самого Алибека как на ладони, потому что в каждом герое – частичка души автора. Потому что проза его – тот незамутненный родничок, который несет в себе и запахи трав, и корневую энергию, что излучает породившая тебя земля, и привкус истинной жизни, не зря же в благо­датный летний полдень от студеной воды родниковой так ломит зубы.

Адольф Арцишевский,

писатель.


Қатарлас қаламгерлердің ішінде Əлібек Асқаровтың қалам ұстау мəнері, оймен сурет салу тəсілі өзгешелеу екендігі үңіле, шұқшия оқыған оқырманға жақсы мəлім. Көркем шығарманың табиғаты сөзбен салынған бейнелілік арқасында ашыла түсетіні белгілі. Əлібек – нақ осы бейнелілік мəселесін жеткілікті игере білген, қазақ көркемсөзінің қыр-сырына қаншалықты қанық екендігін өзінің қаламынан жорғалап шыққан шығармалары арқылы жеткізіп жүрген қаламгер. 

Нұрдәулет Ақышев,

жазушы.


Мақалама «Асқаровтың Алтайы» деп тақырып қойғаныма біреулер тосырқай қарары даусыз. «Е, Алтай жалғыз соныкі ме екен?» деп шамдануы да мүмкін... Мейлі, солай-ақ болсын. Бірақ мен Әлібек Асқаровтың «Алтайда алтын күз еді» атты повесін оқығаннан кейін дәл осындай тұжырым жасадым. «Алтай шын мәнінде Асқаровтыкі де екен ғой» деген терең ойға қалдым. Өйткені көлемі шағын болғанымен, повестің айтар сөзі тереңде... Алтайдың ғажап табиғатының келбет-кескіні, оның қойнауындағы ұшқан құс, жүгірген аңы, ұйыса өскен сан-алуан шөбі, тауы мен тасы, биіктен құлап аққан сарқырамалары мен өзендеріне дейін сұңғатты сұлу поэмаға тән суреттерімен қатты сүйсінтті.

Төлеген Қажыбаев,

ақын.  


Бұл – кез келген қаламгерге қона бермейтін қасиет. Адамды жақсы көру және жақсы көргенін әрқашан қапысыз білдіру үлкен  жүрек пен таза көңілді көрсетеді. Адамға дос, бауыр, жолдас деп қарайтын осынау ізгі де парасатты мінез кейін прозашы Әлібек Асқаровтың қаламгерлік қуаты мен жазушылық жан дүниесін көрсететін негізгі факторға айналды. «Адамды адам түсіну – бір ақырет», –  деп Мұқағали айтпақшы, Әлібек адамды түсінудің шебері. Адамды түсіну арқылы өз кейіпкерінің тағдырына өзі куә болып, жазып отырған шығармасын табиғи жеткізу – оның қаламгерлік стилінің басты көрсеткіші.

Өтеген Оралбайұлы,

ақын. 


Көркемөнер жаңалығы тыңнан құдық қазуда емес. Қара сөзге де, лирикалық шығармаларға да арқау болып келе жатқан  көне тақырып. Ал Əлібек оны  өз көркемдік көзімен көріп, өз философиясымен бағамдайды. Сөйтіп оқырманның да жаңа бір ой көзін оятады. Иə, Алтай – тұнған тарих, қайталанбас сұлулық, ғажайып тағдырлар тұрағы, өнер мекені. Мен Əлібектің кітабын оқу үстінде осыны бар жүрегіммен қабылдадым, сөз өрнегінен қанағат қайырдым. Ең бастысы, қатардағы оқырман ретінде кітап оқып,  рахаттанып бір демалдым.

Бақыт Кәрібаева,

профессор.


 «Шеберлік – шексіз!» десек те, Əлібек Асқаровтың жазу шеберлігіне тəнті болмасқа əддіңіз жоқ. Кітапты оқып отырып, автормен бірге сіз де сапарға шығып, Көккөл мен Шындығатайға барып, Мұзтаудың шыңына шығып қайтқандай əсерге бөленесіз. Сапарлаушылармен бірге Төр Алтайдың тауын кезіп, тасын басып, суын ішіп келгендей боласыз. Бірге қобалжисыз... Бірге жүрек­сінесіз... Бірге қуанасыз. Бұл да шеберлікке байланысты... жазушының жазу шеберлігіне! Біз де сол сапарларда жазушымен бірге болып қайт­қандай, бəріне де өз көзімізбен куə болғандай əсерге бөлендік.

Думан Рамазан,

жазушы.


Тəуелсіздік қолға тиіп, қоғамдық қатынастар алмас­қаннан кейін əдебиетшілер «алданған ұрпақ, адасқан ұрпақ» жайында жиі-жиі айтып жүрді. Бірақ  ол мəселеге бел шешіп кіріскен де, жазған да қаламгер  болмады. Осы тұрғыдан келгенде жазушы Əлібек Асқаров өткен дəуірдің қалтарысты сəттерін  ашып көрсеткен əңгімелер циклін   жариялағаны белгілі. Енді, мінеки, сол циклден соң артынша жарық көрген «Социализм хикаяты» повесі тұтас ұрпақты алдаған, адастырған Кім деген нақты сұраққа жауап іздеуімен тың екен. 

Айгүл Сейілова, 

әдебиет сыншысы.


Көп оқырманның бірі ретінде мен де сондай талғамы жоғары, өресі биік бір шығарманы құмарта оқып, қолыма қалам алуға мəжбүр болдым. Əңгіме бұған дейін «Өр Алтай, мен қайтейін биі­гіңді...» деп аталатын тамаша романымен, сол романға бергісіз хикаяттарымен, көркем очерктер шоғырымен есімі  оқырманға жақсы таныс Əлібек Асқаров жайында болып отыр. Талантты қаламгер оқырман жұртшылыққа тағы бір тұшымды туындысын ұсынған екен. Ол шығарма «Социализм хикаяты» деп аталады. Атауының өзінен де көрініп тұрғандай, шығарма  социалистік қоғамның былайғы адам байқай бермейтін  қалтарысты тұстарын көркем тілмен кестелеп береді.  Рас, ол социалистік қоғамды қайсыбір тарихшылар мен саясаттанушылар сияқты жерден алып, жерге салып жамандап жатпайды. Қаламгер оны хикаят кейіп­керлеріне қатысты оқиғалар мен солардың қасіретті тағдыры арқылы  тартымды əрі қызғылықты  суреттеп, шебер өріп көрсетеді.

Әбдімүтәл Әлібеков, 

журналист.


Шыңғыс Айтматов: «...Жазушының о бастағы жара­тылысынан көкірегінде көркемдік көзі болуы керек, ал оның таланты мен жеке басының қалыптасуы белгілі бір қоғамдық орта мен сол ортаның рухани тəжірибе-дəстүрімен, мəдени байлығымен, дүниетанымымен, саяси құрылысымен тікелей байланысты», – дегенді бекер айтпаған екен. Аптап желден ерні кезеріп, алыс жол үстінде келе жатып, мұп-мұздай, тұма бұлаққа тап болған жолаушыдай, Әлібек Асқаровтың «Социализм хикаятынан» неге бас ала алмай қалғанымды арада біраз уақыт өткен соң түсіндім.

Заря Жұманова,

жазушы.


Аталмыш кітап – ойлы оқырман үшін тосын туынды, соны құбылыс. Жазушы көзқарас кеңдігімен, ой ке­мелдігімен, өткен өмірімізге бүгіннің көзімен барлай қарағандығымен құнды. Жазушының бұл еңбегі талғам таразысынан шыққан тұшымды əрі толыққанды туынды.

Мүсілім Рақымжанов,

журналист.


Өткен ғасырдың тоқсаныншы жылдарындағы елімізде қоғамдық қатынастар  ауысқан өтпелі кезеңіндегі өмір шындығын көрсетуге арналған бұл шығармада, бір қарағанда,  асып бара жатқан оқиға, шендескен конфликт жоқ. Бар-жоғы  бір ауылдағы аздаған адамдар арасындағы тірлік. Бірақ нағыз қазақы, аңқау да албырт, «өгіз бұзаулады» десе, өлердей сенетін адамдар өмірі. Жазушы сол тірлікті өткеннің өзекжарды шындығын бүгінгі беймаза жағдаяттармен жалғап, оқиға өрбітеді. Мұндағы қаламгер тілі өте шебер, тек Алтай өңірінің сөздік қоры емес, күллі қазақтың шұрайлы тіркес, əдемі афоризмін осы шығармадан көруге болады. Бұл қалам­гердің шығармашылық ізденісі мен терең білім, жазу­шылық қарымының кеңдігін байқатады. Егер əділіне бақсақ, аталған хикаят жаңа қоғамның алғашқы сəттегі қиындықтары мен болмысын барынша ашып көрсеткен  өте сəтті шығарма.

Өтепберген Әлімгереев,

журналист.


Осы əңгімені оқып отырып, өз басым қатты толқы­дым, ерекше бір тебіреніс күйге түстім... Бала кезімізде əке-шешеміз «Батырлар жырын», небір дастандарды жылы пештің қасында, не ыстық шай ішіп, терлеп-тепшіп рахаттанып отырып бізге оқытушы еді. Сол секілді «Қара құйын, ақ көйлек» əңгімесін асықпай, аптықпай оқысаңыз рухани лəззат аласыз. Оқырманын баурап алатын жазушының құдіреті дегеніміз осы шығар...

Есенгелді Сүйінов,

ақын.


Ең бастысы, шығарма ауыл тұрмысын бейнелеуде боямасыз шынайылығымен  ерекшеленеді... Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйініне келсек, соңғы кезде ел тарихын, жер тарихын, халқымыздың жүріп өткен жолын шынайы қалпында суреттей алған шығар­малардың қатарына тағы бір тамаша туынды қосылды. Ол – жазушы Əлібек Асқаровтың ауыл өмірінен тереңнен сыр шертетін «Өр Алтай, мен қайтейін биігінді...» атты романы.

Амантай Әбілұлы,

журналист.







Талқылау

Сондай-ақ оқыңыз:

«САФАРИ ЖАЗБАЛАРЫ»
05 август 2018, Воскресенье
«САФАРИ ЖАЗБАЛАРЫ»
АЛДАНҒАН  ҰРПАҚ  (Социализм хикаяты)
05 август 2018, Воскресенье
АЛДАНҒАН ҰРПАҚ (Социализм хикаяты)
«ӘЙЕЛ ПАРАСАТЫ»
05 август 2018, Воскресенье
«ӘЙЕЛ ПАРАСАТЫ»
ӨР АЛТАЙ
05 август 2018, Воскресенье
ӨР АЛТАЙ
CУРЕТШІНІҢ АЙТҚАН ӘҢГІМЕСІ
22 июнь 2018, Пятница
CУРЕТШІНІҢ АЙТҚАН ӘҢГІМЕСІ
Пікір қалдыру
Пікірлер (0)
Түсініктеме
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Қазақстан Республикасы Ұлттық Кітап Палатасы-"Ақпараттық технологиялық орталығы" Қоғамдық қоры