Байланыс телефондары:
(727) 397–61–15
(707) 532-77-20
» » Мүсілім Рахымжанов

Мүсілім Рахымжанов

22 сентябрь 2018, Суббота
986
0


Мүсілім Рахымжанов, 

журналист


ӨЗЕКТІ ӨРТЕГЕН АЩЫ ШЫНДЫҚ


"Әде6иет деген - шындық, ал, жазушылық - сол шындықты шырақ алып іздеудін бірден-бір формасы" деген екен дарынды жазушы Оралхан Бөкей.

Біздің   айтпағымыз  белгілі  жазушы Әлібек Асқаровтың "Социализм әңгімелер" топтамасы жайында болмақ.

Кітаптың көлемі шағын болса да, көтерген жүгі аса салмақты, айтары қомақты. Қаламгер кешегі кеңестік кезеңнің көленкелі әрі көмескі тартқан тұстарына қолына шырақ алып, бүгінгі күнгі көзқараспен үңіле отырып, өзекті тұстарын әңгімелеріне арқау еткен.

Енді жинақтағы әңгімелерге назар аударалық. 

Жазушының "Мона Лиза" әңгімесі ойға ой қосатын сүбелі дүние. Білімді, мәдениетті, жігерлі жас журналист Төлеужан Леонардо да Винчидің әйгілі картинасы "Мона Лизасын", онда да, жазушының өзі айтпақшы түпнұсқа да, көшірме де емес, кәдімгі альбом-кітаптан жыртып алынған бір парағын қайда барса да жанынан тастамайды.

Жазушы өткен қоғамымыздың тамырын дөп басып танығанын осыдан-ақ байқаймыз. "Шетелдік саңлақтарды сыйлау керек. Ал табыну — артық". Бұл көрнекті жазушы Шерхан Мұртазаның айтқаны.

Қаламгер бұл шығармасымен не айтпақ? 

Алдымен, шексіз ғаламды жаратқан — Аллаға, содан кейін өзіңді осынау жарық дүниеге әкеліп, әлпештеп өсірген анаңа табын дейді. Мықтыны мойындау парыз, ал жекеге табыну әбестік.

"Левитанның дауысы" бұл әңгіменің айтары көп, берері мол. Шығарма тілі астарлы кекесінге толы. Ал сюжеті соғыстан соңғы қалжыраған халықтың, еңсесін енді  көтере бастаған шағы. Дегенмен халқымыздың жүрегінде сан жылдар көрген қорлық, жазылмаған жара, айықпаған дерт бар. Қорқыныш бар. Үрей бар.

"Бутафория". Аты айтып тұрғандай жалған өмір, жасанды тірлік. Саналы ұрпақтың салауатты ой түйе алмай, істеген ісінің бәрі (абсурд) жалғандыққа әкеліп соғуын, жазушы осы бір тілдей шығармасына сыйдырып жіберген.

"Қара құйын, ақ көйлек" әңгімесі соғыстан соңғы қазақ ауылының ауыр тұрмысы. Жетімдіктің зардабын тартқан жас жеткіншек, жесірліктің бейнетін көріп, азабын тартқан қазақ әйелі.

"Долдаш ағайдың кітаптары". Жазушының бұл әңгімесі інінің - аға алдындағы парызы, ағаның ініге деген аманаты. Кілең соғыс туралы кітаптар оқитын Долдаш... өмір бойы сол  кітаптардан ерлікпен қаза тапқан ағасы Молдаштың атын іздеуі. Бұндай мінез   біртүрлі ерсі көрінгенімен, інінің ағаға деген адал махаббаты, шынайы сағынышы. 

Ерлік дегеннен шығады. Кешегі өткен халық қаһарманы Бауыржан Момышұлы көзі тірісінде өз бағасын ала алды ма?! Рейхстакқа бірінші болып жеңіс туын тіккен Рақымжан Қошқарбаев ше?.. Міне, бұл жерде үлкен әділетсіздік бар.

Аталмыш кітап ойлы оқырман үшін тосын туынды, соны құбылыс. Жазушы көзқарас кеңдігімен, ой кемелдігімен өткен өмірімізге бүгіннің көзімен барлай қарағандығымен құнды. Сондықтан жазушының бұл еңбегін талғам таразысынан шыққан тұщымды, әрі толыққанды туынды деп баға беруге әбден болады.

Тек, біздерге, оқырман кауымға қалатыны — өткенді біліп, өзекті өртер ащы шындықты бағалай білу. Кітапты оқып болған соң, сыртқы мұқабасындағы суретке қарап отырып халқымыздың "бас кеспек болса да, тіл кеспек жоқ" дегені тілге орала берді.


«Әдебиет айдыны» газеті.


Талқылау

Сондай-ақ оқыңыз:

«СОЦИАЛИЗМ ӘҢГІМЕСІ»
05 август 2018, Воскресенье
«СОЦИАЛИЗМ ӘҢГІМЕСІ»
«САФАРИ ЖАЗБАЛАРЫ»
05 август 2018, Воскресенье
«САФАРИ ЖАЗБАЛАРЫ»
АЛДАНҒАН  ҰРПАҚ  (Социализм хикаяты)
05 август 2018, Воскресенье
АЛДАНҒАН ҰРПАҚ (Социализм хикаяты)
«ӘЙЕЛ ПАРАСАТЫ»
05 август 2018, Воскресенье
«ӘЙЕЛ ПАРАСАТЫ»
ӨР АЛТАЙ
05 август 2018, Воскресенье
ӨР АЛТАЙ
Пікір қалдыру
Пікірлер (0)
Түсініктеме
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Қазақстан Республикасы Ұлттық Кітап Палатасы-"Ақпараттық технологиялық орталығы" Қоғамдық қоры