Байланыс телефондары:
(727) 397–61–15
(707) 532-77-20
» » Нұрдәулет Ақышев

Нұрдәулет Ақышев

22 сентябрь 2018, Суббота
1 172
0

Нұрдәулет Ақышев,

жазушы, филология 

ғылымдарының 

докторы


ҚАНЫҚ БОЯУЛЫ ҚАЛАМГЕР


Қатарлас қаламгерлердің ішінде Әлібек Асқаровтың қалам ұстау мә­нері, оймен сурет салу тәсілі өзгешелеу екендігі үңіле, шұқ­шия оқыған оқырманға жақсы мәлім болса керек-ті. Көркем шығарманың таби­ғаты сөзбен салынған бейне­лілік арқасын­да ашыла түспек.

Әлібек нақ осы бейнелілік мәселесін жет­кілікті игере білген, қазақ көркемсөзінің қыры-сырына қаншалықты қанық екендігін өзінің қаламынан жорғалап шық­қан шығармалары  арқы­лы жеткізіп жүрген қаламгер. Оның туындыгерлігі тура­сын­да айтылыпсын жанрында жазылып жүрген мақалалар қатары олқы емесӘр туын­ды­сының көңіл бөлініп отырсаол жазушының мықтылығы ғойӘ.Асқаров шығармашылығы­на өз заманында тамсана тү­сіпбағасын берген Шерхан Мұртазадан асырып жеткізе талдау қолдан келер ме екен?

Әдебиеттің есігін қағып тұрған сонау талапкер кезінен-ақ тырнақалды туынды­лары­мен-ақ оқырман назарын ау­дарып, болашағына үмітпен қа­рауға ықылас туғызатын бір қаламгерлер болады. Кейдежасыратыны жоқон­дай қа­ламгерге үлкен үміт арты­лыпкелешегінің келбетін елес­тетуге де асығып жатамызболжам айтып жіберуге де батылымыз жетедіМінеосындай талапкерлер шоғы­ры­нан көрініпқалам ұста­сының нық екендігін сез­дірген қаламгердің бірі Әлі­бек Асқаров болатынЖас жазу­шылардың жыл сайын шы­ғарылатын «Арман қанаты» жинағына енген «Шұғыла таудың етегінде» әңгімесінен бастапбүгінде жиі сөз болып жүрген «Өр Алтаймен қай­тейін биігіңді?» хикаяты­на дейінгі аралықта өмірге кел­ген құнарлы туындылар соның лайықты дәлелі болар.

Қазақтың көп жазушыла­рының кейіпкерлері – ел ішін­де­гі қарапайым адамдарӘлі­бекті­кі де сондайӨзге­шелігі сол – оның образ сомдау барысын­да өзінше саты­лап баратын ізде­ністеріАл ізде­ністер ны­шанын байқа­татын – ең алды­мен оның роман­тизмі мен юморлық емеу­­ріндерібояулы тіліӘде­­биеттану ғылымы мен сын­­шылар пайымдауларына қа­­ра­­ғандаӘлібек Асқаров – Ал­тай­дың жыршысықаймағы бұзылмаған тұма табиғаттың жанашыр қаламгеріДау ту­ғызбайтын пайымдауБірақменіңшеәңгіме тек сол таң­дап алған тақырыппен ғана шектеліп қалмауы тиісәңгіме – сол тақырыпты қалай жеткізе білуде ғойАлтай тауын ас­қақ­тата жырлау – жазушы талан­тының кепілі бола ала ма?

Тақырып жағынан алған­даӘлібектің қаламына түсетін  жүк оңай емесӨйткені бұған дейін Алтайды жырлауға талап қылған қаламгерлер жоқ еді деп айта алмаймызСонау бір замандардағы Иса Байза­қовДихан ӘбілевҚапан Қам­баровҚалихан ЫсқақұлыОрал­хан Бөкейтіпті басқасын былай қойғандаӘлібектің дос қалам­гері Дидахмет Әшім­ханұлы жә­не т.бқозғаған киелі тақырып емес пеОсы­нау тегеурінді топтан кейін Алтайды асқақтата жырлап көржаңалығын ашыпөзіңше бедерлеп көрОңай емесОсыдан-ақ Әлібектің көркем қиялынакәседей кәллесіне тү­сетін жүктің салмағы осал бол­мағанын аңдайсыңБірақ қиын екен деп күрмеліп қалған Әле­кең жоқжүрегінің жалы­ныменөрекпіген өзімшіл көңі­лімен өзінің төл Алтайынтуы­рылып тұрған туған өлкесін өл­генше жақсы көретінін сөз құйы­лыстарымен дәлелдеп берді.

Сонау қаламы балаңдау ке­зінде жазылған «Шұғыла тау­дың етегінде» әңгімесінде Ал­тай өңірінің табиғат су­реттері ықшам түрде ғана кө­рініп ке­теді. Бірақ бұл әң­гіменің негізі өзегі Алтай табиғатын тамсана бейнелеп беру емессол әсем өлкеде өмір сүріпеңбек етіп жатқан қарапайым азаматтар­дың жан әлемін оқиға үстінде бейнелеп көрсетуМашинасына шөп тиеп келе жатқан жүргізуші жі­гіттің аяқ астынан өрт шыққан сәттегі шешімталдығыөзінің ба­сын бәйгеге тігіпмаши­наны аман алып қалу үшін өрге қарай өршелене ұмты­луы – кейіпкердің ерлік жа­сауға іштей қашанда дайын тұрғандығын білдірсе керекДемекол кездейсоқ қаһар­ман емесуақттың өзі ту­ғыз­ғанішкі рухы мықты жанҚарапайым еңбек адамы бол­ғаныменәрекеті кесек ең бек адамының келбеті жазушы қаламымен әңгімеде жанды суретке айналған.

«Алтайды менен бұрын талай қаламгер жазған екен» деп, тосылып, тосырқап тұр­ған Әлекеңді байқамадық, ол көп жазылса да, таптаурын бо­лып үлгірмеген тақырыпты ша­быттана жырлады. Тіпті өзі­нен басқа ешкім айтпағандайтілдеріне титімдей де тиек етпегендей екпіндей жырладысөз құйынын үйіре соғыпөзінің өр Алтайын жырланып бітпес қасиетті тақырыпқа айналдыра білдіОған дәлел ретінде тілге тиек бола кететін щығармаларының қатарында «Ша­банбайдай жер қайда?», «Жұрт­та қалған жеті жұрт», «Өр Алтаймен қайтейін биі­гіңді?» және тағы басқа әңгімеповес­терінэсселерін атауға болады.

Осылардың ішінде әдеби сынның талдауына көбірек ілігіп жүрген көлемдірек туындысы – «Өр Алтай, мен қайтейін биігіңді» деп ата­ла­тын повесі.  Мұнда  атақты Алтай тауының баурайына қо­ныс тепкен әжеп­тәуір ауылдың бірер жылдың ішінде қандай кепке душар болғаны сондағы жекелеген адамдардың тірші­ліктерін су­реттеу арқылы көзге елестейдіОсы төңіректе бо­лып жатқан ірілі-уақты оқи­ғалар тізбегі ауыл пошташы­сы болып қызмет атқа­ратын Сәлима қыздың көзі­мен бері­ліп отырадыӘсем та­биғаттың нақ ортасына орна­ласқанкүн­көріске қолайлы жақ­тары же­терлік осынау мекен айдың-күннің аманында нелік­тен тозыптұрғындары сиыр­дың бүйрегіндей пышырады?

Жазушының шым-шымдап жеткізуінен байқалатыны – мұн­дай күрт өзгерістің себебі те­реңде, еліміз тәуелсіздік ал­ғаннан кейінгі өтпелі кезеңнің қатал сынағында жатыр екен.

Кеңес дәуірінде мемлекет­тің қамқорлығында болып, қа­лыпты өмір ағынымен жүріп жатқан ауыл орталықтан келіп тұрған қаржы көзі бітелген­нен кейін бұлағы тартыла бас­таған бақшаға ұқсайды. Ауылдағы кеңсемектепдү­кендәрігерлік пункт сияқты әлеуметтік нысандар біртіндеп жабыла бастаған уақытта тұр­ғындар көңіліне еріксіз алаң­даушылықтың кіруі логикалық тұрғыдан заңдыКеңес өкі­ме­тінің енді келмеске кет­кенін түсінген кейбір көзі ашықәлді адамдардың құлазып қалған ауылдан ішкергіелі мол жақтарға қарай қоныс ау­дара бастауының себебі осал емес.

Осы жағдайға орай кейіп­керлер арасында әрқилы пі­кір­лердің болуы, жекелеген дау-дамайлардың орын алуы өтпелі кезеңнің кезекті шын­дығына сыйымды. Повес­тің өзегіне айналған проб­лема тек өтпелі дәуірдің қиыншы­лық­тары тұсындағы тұрғындар психологиясын ашып көрсе­тумен шектелмейдіжазушы қазақи рухтың сақта­лып қа­луы мәселесіне де мүм­кінді­гінше назар аудара білгенБір жағында қазақи сананы қаймағын бұзбастан қалай сақ­тап қаламыз деген мәсе­ленің ұшығы көрініп тұрсаекін­ші жағынан жастардың қалалы жерлерге ұмтылысытұрғын­дар­дың қалаға шоғыр­ла­нуы (урба­низациясияқты мәселелер алдыңғы қатарға шығадыДемекшығарма маз­мұ­нынан алы­на­тын тағы­лымдық сипаттар тез арада ескіре қой­майды деген сөз.

Соңғы уақытта жазушы­ның баспадан жаңа ғана шық­қан «Әйел парасаты» атты кітабына енген туындылары  зерттеушілердің назарына ілі­ге бастаған жайы бар. Осын­дағы «Ғаббас пен Шура» әң­гімесінің айтары не екен деп үңілсеңізтек жазушы концепциясына айналған көр­кем пайымдаулардың өзі  әр­түрлі параметрлерде ұсыныл­ғанын байқайсызӨйткені сонау қарғыс атқыр соғыстың  бүгінгі бейбіт өмірге жеткен жаңғырығы оқырманды бей­жай қалдыра алмайдыШура даҒаббас та партизан болыпжау тылында басқыншыларға қарсы соғысқанҒаббастың артынан бір емесекі рет қара қағаз келіптуыстары баяғыда-ақ өлдіге санап қойғанМұн­­дай жағдаяттың соғыс кезінде аз болмағанын білемізЖазу­шы сол шындықты мате­риал ете отырыпбүгінгі ұрпақ үшін ертегідей көрінетін со­ғыс туралы тағы да көркемдік шешім ұсыныпөзінің тия­нақты позициясын білдіреді.

Мина жарқышағының сал­дарынан қос жанарынан айы­рылып, зағип болып қалған Ғаббастың мүгедектігін Шура мойындамауға тырысып, сүй­ген жігітінің етегінен бәрібір айырылмайды. ҚазақстанғаҒаб­бастың туған жеріне келіпекеуі түтін түтетіпүй болады.

Қазақстанға келген жастар­ды Ғаббастың туғандарының қалай қарсы алғаны, со­ғыс қа­сіретін түсіне отырып, адам­дар арасындағы мызғымас бе­рік махаббатқа куә болуы эпи­зодтық персонаждар ар­қылы берілген. Мәселенон жасар Гүлжан есімді қыздың көз алдында болып жат­қан қуанышты оқиғалар оқырман­ды біртіндеп фило­со­фия­лық түйіндеуге жете­лейдіТек қана бас құрап қойса бір сәрі ғойШура өмірге тоғыз бала әке­леді.

Кітаптағы «Қалжан мен Лә­зиза» повесі де Кеңес заманы тұсындағы адамдардың қилы тағдырлары жайында қызық­ты етіп сыр шертеді, оқиға өзегін тосын перипетиялар арқылы өрбітуге ұмтылыс жа­сайды. Жастық шақтары қа­сіретті зұлмат кезеңіне сай кел­ген Қалжанның басынан өткізбеген құқайы жоқ десе де болғандайЖазушы екі тағдырдың өткелектерден өтіп келіп қалай қиысқанын тар­тымдылықпен жеткізе білген.

Әлібек тек  Алтай пейза­жын ғана кестелей жеткізіп қана қоймай, кейіпкердің порт­ретін салуға да шебер. Мә­селен: «Аспан түстес аласыз бадырақ көзаппақ қардай алма бетүлбіреген қаймақ ерінкүлте­ленген жібектей сарғылт шашДенесі тығыршықтайкеудесіндегі қос анары тыр­сиыпқимыл етсекөңілді қы­тықтаптолқып қоя­ты­нын қай­терсің»  деп сурет­те­летін әйел бейнесі оқыр­манның көз алдына сол қалпы тіріліп кел­гендей боладыМұнда порт­рет­тердің жазушы шығар­мала­рында кездесу сирек емес.

Қаламгер кейіпкердің мі­нез-құлқын ашу барысында диалогты оңтайлы қолдана білумен ғана емес, сөзден су­рет түйіндеуге де төселіп ал­ған. Ал неге сурет салуға құ­мар екендігін Ә.Асқаровтың шығармашылығын жете түсі­не алатындар пайымдай алуы мүмкінБілетін кісілердің бірі ретінде бұл мәселеге мен өзім­ше уәж айта кетейінӘлібек ол – суретші ғойҚа­лам ұстаған жазушы ретін­дегі суретші емескәдімгі қыл қалам ұстаған кәнігі сурет­шіОның портрет, пейзаж және лино­графия жанрын­да­ғы жеке­леген шығармалары назарға ұсы­нылған да бола­тын. Бірақ ерте­ректе, отызға жетпеген кезін­де. Ал отыздың ол жақ-бұл жағын сағалап, қақсал тартуға айналған шақта Әлібек Асқаров қыл қаламын ептеп өгейсіте бастады, оның  Пегасы (өнер жо­лындағы Пырағы) жазушылық пен журналистиканың ауылда­рына қарап, жиі-жиі кісінейтінді шығарды. Кейін біржола қыл қаламның белінен басып, бас­қа бағытта көлденең жатқан белден асып түсті.

Қос таланты қос қанаты бола алар еді.

Бірақ Асылбай ақсақалдың Әлібегі сарыөзен уақытының елеулі бөлігін басқа бағытқа жұмсады. Өлшеулі жылдардан тұратын жастық кезеңінде бар қуатын жұмыс орнына  төкті. Жастық шағын «Білім және еңбек» журналының бо­сағасында телмеңдеп жүріп, макет мәпелеумен өткізді. Өз шығармашылығын өзекке тепті. Онан кейін «Өнер» бас­пасын өрге сүйреймін деп, ең­бекқорлықтың өнегесін көр­сетті. Өз шығармашылығы та­­ғы да өгейсіп қалды. Онан ке­йін  Әлекеңнің территориясына басып кіріп, уақытына қожа бола кеткен түрлі деңгейдегі шенеуніктік қызмет. Солардың арасында қашып-пысып, қы­сылып-қымтырылып жүріп, қолынан қайта-қайта түсіп қа­ла берген қаламын сығырая із­деп, сипалақтап тауып алатын.

Бүгінгі оқырманның олжа­сына айналып жүрген өлшеулі туындылары – ыңғайына ке­ліп қалған сол бір ұрымтал сәт­терде үлгіріп қалғандары ғана. Әйтпесе Әлекеңнің негізгі шы­ғармалары әлі басында, жазу­шылық жоспарында.

Сол шығармаларды құныға оқуымыз үшін Әлекеңнің басы аман болсын дейміз.


«Президент және халық» газеті.

Талқылау

Сондай-ақ оқыңыз:

«САФАРИ ЖАЗБАЛАРЫ»
05 август 2018, Воскресенье
«САФАРИ ЖАЗБАЛАРЫ»
АЛДАНҒАН  ҰРПАҚ  (Социализм хикаяты)
05 август 2018, Воскресенье
АЛДАНҒАН ҰРПАҚ (Социализм хикаяты)
«ӘЙЕЛ ПАРАСАТЫ»
05 август 2018, Воскресенье
«ӘЙЕЛ ПАРАСАТЫ»
ӨР АЛТАЙ
05 август 2018, Воскресенье
ӨР АЛТАЙ
CУРЕТШІНІҢ АЙТҚАН ӘҢГІМЕСІ
22 июнь 2018, Пятница
CУРЕТШІНІҢ АЙТҚАН ӘҢГІМЕСІ
Пікір қалдыру
Пікірлер (0)
Түсініктеме
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Қазақстан Республикасы Ұлттық Кітап Палатасы-"Ақпараттық технологиялық орталығы" Қоғамдық қоры