Байланыс телефондары:
(727) 397–61–15
(707) 532-77-20
» » Ежелгі ғұндар бүгінгі қазақтың Керей, Уақ, Сіргелі секілді руларымен туыс болып шықты

Ежелгі ғұндар бүгінгі қазақтың Керей, Уақ, Сіргелі секілді руларымен туыс болып шықты

29 июль 2015, Среда
1 878
0
Ежелгі ғұндар бүгінгі қазақтың Керей, Уақ, Сіргелі секілді руларымен туыс болып шықты. Бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында ҚР Ұлттық кітапханасының директоры Әлібек Асқаров ғалымдар зерттеуіне сүйене отырып, осындай мәліметті алға тартты. Еске сала кетейік, брифинг «Елдің тарихы мен мəдениеті – болашағы тұтас ұлт» тақырыбында өткен болатын.
Әлібек Асқаровтың айтуына қарағанда, зерттеуші ғалымдар қазақ халқының ДНҚ-сын (ДНҚ – Дезоксирибо нуклеин қышқылы, генетикалық ақпаратты тасымалдаушы молекулалар, тірі ағзадағы генетикалық ақпараттың ұрпақтан-ұрпаққа берілуін,сақталуын, дамуы мен қызметін қамтамасыз етуіне жауапты нуклеин қышқылының бірі – ред.) ежелгі жауынгер халық хунну (ғұн) мен арийлердің ДНҚ-сымен салыстырған екен.
«Нәтижесінде осы үш халықтың өзара жақын туыстық байланысы барын анықтаған. Нақтылап айтсақ, осыдан 4000 жыл бұрын өмір сүрген андроновтардың гені қазақтардың қазіргі Табын руында кездескен. Дүние жүзінде ең алғашқы болып жабайы жылқыны қолға үйретіп, дөңгелекті арбаны ойлап тапқан да осы арийлер болған. Ал «хунну», кейіннен ғұн атанған халық біздің қазіргі Керей, Уақ, Сіргелі руларымен туыс болып шықты», – дейді Əлібек Асқаров.
Бұл ғана емес, оның айтуынша, ежелде алып империя құрған қидандар қазіргі қазақтың наймандарының ата-тегі екені де айтылып жүр. Ал ғалымдар мұндай қорытындыға Қытайдың солтүстігінен табылған Еген Гол, Дүрлі Нас, Бар Кол қорымдарында жерленген жауынгерлердің ДНҚ-сын зерттеу нәтижелері арқылы ұйыған тәрізді.
 
Автор: Қанат Мәметқазыұлы
inform.kz

Талқылау
Пікір қалдыру
Пікірлер (0)
Түсініктеме
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Қазақстан Республикасы Ұлттық Кітап Палатасы-"Ақпараттық технологиялық орталығы" Қоғамдық қоры